Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында "әсем де көрікті үйлер" салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында "әсем де көрікті үйлер" салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Телекөпір барысында Елбасы Ақтөбе облысындағы "Үй құрылысы комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін салтанатты түрде ашты.
"Өндірісті іске қосу - бұл өте маңызды. Біз Ақтөбе Қазақстанның ең дамыған мегаполистерінің бірі болсын деген міндет қойғанбыз. Сондықтан тұрғын үй құрылысын дамытып жатырмыз, қаржы бөлініп жатыр. Бірақ, мен онда болған кезде ескерту жасадым. Кейін ешкім тұрғысы келмейтін бір пішінді қораптар сала бермеңдер. Әсем үйлер, сәулеті көз тартар нысандар салыңдар!", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан индустриализациясының екінші бесжылдығы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалды-инновациялық дамуын ілгерлетуге арналған жалпыұлттық телекөпір жүріп жатыр. Қазақстан Президенті индустриализация аясында нысандардағы өндіріс пен жобалар құрылысына бастау берді.
Сонымен қатар, бүгін Астанада Қазақстан Президентінің "Алтын сапа" жүлдесін ұсыну салтанаты, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау және "Парыз" бизнеске әлеуметтік жауапкершілік конкурсының жүлдегерлерін марапаттау өткен болатын.