Назарбаев тұрғын үй құрылысы жайында: Бір пішінді қораптар сала бермеңдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев тұрғын үй құрылысы жайында: Бір пішінді қораптар сала бермеңдер © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында "әсем де көрікті үйлер" салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында "әсем де көрікті үйлер" салуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Телекөпір барысында Елбасы Ақтөбе облысындағы "Үй құрылысы комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін салтанатты түрде ашты.

"Өндірісті іске қосу - бұл өте маңызды. Біз Ақтөбе Қазақстанның ең дамыған мегаполистерінің бірі болсын деген міндет қойғанбыз. Сондықтан тұрғын үй құрылысын дамытып жатырмыз, қаржы бөлініп жатыр. Бірақ, мен онда болған кезде ескерту жасадым. Кейін ешкім тұрғысы келмейтін бір пішінді қораптар сала бермеңдер. Әсем үйлер, сәулеті көз тартар нысандар салыңдар!", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске салайық, Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан индустриализациясының екінші бесжылдығы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы мен елдің индустриалды-инновациялық дамуын ілгерлетуге арналған жалпыұлттық телекөпір жүріп жатыр. Қазақстан Президенті индустриализация аясында нысандардағы өндіріс пен жобалар құрылысына бастау берді.

Сонымен қатар, бүгін Астанада Қазақстан Президентінің "Алтын сапа" жүлдесін ұсыну салтанаты, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық конкурс-көрмесінің жеңімпаздарын марапаттау және "Парыз" бизнеске әлеуметтік жауапкершілік конкурсының жүлдегерлерін марапаттау өткен болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети