Назарбаев: Түрікменстанмен шекарамызға қатысты ешқандай проблема болмайды

?аза?стан мен Т?рікменстан екі ел арасында?ы шекара м?селесін шешетін стратегиялы? серіктестік жайлы келісімшарт?а ?ол ?ояды. Б?л туралы ?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаев А?ордада Т?рікменстан президенті Гурбангулы Бердым?хамедовпен ?ткен кездесуде м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан мен Түрікменстан екі ел арасындағы шекара мәселесін шешетін стратегиялық серіктестік жайлы келісімшартқа қол қояды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен өткен кездесуде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біз Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестік жайлы маңызды келісімшартқа қол қойып жатырмыз. Осы келісімшарт арқылы дамудың жаңа кезеңіне өтіп жатырмыз. Екі ел арасындағы шекара мәселесін шешіп жатырмыз. Осы екі мемлекет шекараға қатысты ешқандай проблемалары болмайтын елдер болып саналады", - деді Назарбаев кездесу барысында.

Мемлекет басшысы Түрікменстан халқын ынтымақтастықты орнатқандарына 25 жыл толуымен құттықтап, ширек ғасырда екі ел арасында өзара сенім мен қолдаудың болғанын айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Түрікменстан біз үшін маңызды серіктес және Қазақстанның одақтасы. Біздің елдің халқы - бауырларымыз, мейірімді көршілеріміз. Бізді баяғыдан бері тарихи түп-тамырымыз, тіліміз және дініміз байланыстырады. Екіжақты қарым-қатынас транзиттік-көлік және энергетикалық салаларды дамытып жатыр және басқа облыстарыздың да болашағы бар", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ, Түрікменстан президенті осы сапары барысында халықаралық саясатқа қатысты мәселелерді талқылап, өңірлік серіктестік пен оның келешегі жайлы талқылағысы келетінін айтып өтті.

Еске сала кетейік, бүгін, 18 сәуірде Назарбаев Ақордада Түрікменстан президент күтіп алған болатын. Мемлекет басшысы Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде түрікмен халқын ең жақын көрші деп атаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама