18 сәуір 2017 16:20

Назарбаев Ақордада "ең жақын көршісін" күтіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде түрікмен халқын ең жақын көрші деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесуде түрікмен халқын ең жақын көрші деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз Түрікменстан, түрікмен халқы ең жақын көршіміз, серіктесіміз әрі біз үшін бауырлас халық деп санаймыз. Тәуелсіздік жылдары, барлық 25 жыл бойы арамызда өзара түсіністік болып, екі ел арасында ешқандай шешілмеген мәселе болмады. Қарым-қатынасымызды қалай орнаттық, солай келе жатырмыз. Сыртқы саясатта та толықтай бірге жұмыс істеп, Түрікменстанның бастамаларын халықаралық деңгейде қолдап келеміз. Түрікменстан да біздің бастамаларымызды қолдайды", - деді Назарбаев қонақты күтіп ала отырып.

Қазақстан Президенті бірігіп жасаған ірі жобалардың бірін айтып өтті. Оның айтуынша, сол екі ел арасында достық қарым-қатынастың арқасында теміржол пайда болды. 

"Бұл туралы Бейжіңде 15 мамырда өтетін "Бір белбеу - бір жол" атты форумда талқыланатын болады. Ол маңызды маршрут болып саналады. Біздің тапсырма - тек осы мәселені емес, сондай-ақ, басқа тақырыптарды қозғау", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Әлемдегі экономиканың және саясаттың қиын кезеңдерінде екіжақты қарым-қатынаста сіздің сапарыңызды маңызды ететін құжаттар дайындалды. Мен сізге сәттілік, зор денсаулық және түрікмен халқының өркендеуін тілеймін.

Гурбангулы Бердымұхамедов өз кезегінде Қазақстанның идеяларын қолдайтынын айта отырып, Назарбаевқа ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың Қазақстанға 19 сәуірде ресми сапармен келуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети