03 қыркүйек 2018 12:38

Назарбаев түркі әлемінің 100 айтулы тұлғасын таңдауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда өткен Түркі тілдес елдерінің ынтымақтастық кеңесінде "Түркі әлемінің 100 айтулы тұлғасы" атты көлемді жаңа жобаны ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанда өткен Түркі тілдес елдерінің ынтымақтастық кеңесінде "Түркі әлемінің 100 айтулы тұлғасы" атты көлемді жаңа жобаны ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Менің тапсырмам бойынша латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиі жасалды. Қазақстанның латын графикасына өтуі жақсы жаңалық болды, бұл түркі тілдес елдерді жақындатады. Сондай-ақ, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Біздің ғибраталарлық оқиғаларымыз, көптеген айтұлы тұлға... Осыған байланысты Түрік кеңесінің аясында "Түркі әлемінің 100 біртуар тұлғасы" атты көлемді жаңа жобаны қарастыруды ұсынамын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Еске сала кетейік, мұның алдында Назарбаевтың ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысқаны хабарланған болатын. Іс-шара Шолпан-Ата қаласында өтті.

Салтанатты іс-шараға Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов және Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбан қатысқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети