Назарбаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады © Akorda.kz

Назарбаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі Мемлекет басшысына академияның қазіргі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Түркі академиясының түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін жан-жақты әрі терең зерттеу тұрғысындағы қызметі маңызды екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген зерттеулер нәтижесі түркі әлемінің рухани-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету үшін зор мәнге ие екенін айтты.

Дархан Қыдырәлі академия халықаралық мәртебе алып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқанын мәлімдеді. Академия жыл бойы халықаралық конференциялар өткізіп, экспедициялар ұйымдастырды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялап, жалпы түркі тарихы туралы оқулық әзірледі. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети