Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті уақытша қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті уақытша қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет Басшысының Өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысының лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді", - делінген Ақорданың хабарламасында.
Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.
Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынғаны туралы белгілі болған еді.
"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органдағылардың күдікті Дәржібаевқа қатысты бұлтарпау шарасы ретінде 2 айға - 2018 жылдың 24 желтоқсанына дейін үй қамауына алу туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлаған еді соттың баспасөз қызметіндегілер.
Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларының ұсталған видеосы жарияланды