Назарбаев үкіметтегілерге бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев үкіметтегілерге бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерге бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерге бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Ақордада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық жағдайды дамыту үшін инфляция деңгейін төмендету қажеттігін айтып өтті.

"Экономикалық өсімнің жаңа бағыттарын жүзеге асыру үшін 2016-2017 жылдары инфляция көрсеткіші 6-8 пайызға дейін төмендеуі керек. Айырбас бағамы еркін ауытқуға өтіп, ұлттық валюта тұрақталған соң біз отандық тауар шығарушылардың бәсекелестігін арттыра алдық", - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының айтуынша, валюталық бағамға енгізілген түзетулер инфляцияға кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев бағаның өсуіне жол бермей, бағаны тұрақты ұстауға тапсырма берді.

"Ұлттық валютаға енгізілген түзетулер инфляциялық процестердің көбеюіне алып келді. Сондықтан мен бағаның тұрақтылығын сақтай отырып, биыл табиғи монополия қызметтері тарифтерінің өсуіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қолдануды тапсырамын. (...). Үкімет деңгейінде қалаларға азық-түліктерді жеткізіп, бағаларды төмендетуді тапсырған болатынмын", - деді Мемлекет басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети