Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК-ның қызмет атқаруда қаза тапқан қызметкерлерінің әйелдері мен балаларына қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында айтты, - деп хабардайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК-ның қызмет атқаруда қаза тапқан қызметкерлерінің әйелдері мен балаларына қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай өткен салтанатты жиында айтты, - деп хабардайды Tengrinews.kz тілшісі.
13 шілдеде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 25 жыл толды.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тарихы нағыз батырлықтың, елі мен халқына деген адалдықтың үлгілеріне бай. 25 жылдық мерейтойды атап өте отырып, туған жерінде тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау жолында қаза тапқан Отанының нағыз патриоттарын еске алуға міндеттіміз. Қызметтеріңіз осындай. Амал не, осындай қатерге бас тігесіздер, осы қызметке өз еріктеріңізбен барасыздар. Бұл қызметте түрлі жағдай болады - елдің тұрақтылығы мен тыныштығын кеуделеріңізбен қорғайсыздар. Еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығы үшін жанын берген азаматтарымыз бар", - деген Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК-ның қаза тапқан қызметкерлерін еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.
"Осы залда қаза тапқан қызметкерлердің әйелдері отыр. Осы сөздерді оларға арнаймыз. Олар әрдайым Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, яғни мемлекеттің назарында болуы тиіс, балалары да. Бұл біздің ортақ міндет", - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында ТМД елдерінің арнайы қызмет өкілдері отырғанын, олардың Астанаға ҰҚК-ның құрылғанына 25 толуына орай келіп отырғанын атап өтті.
"Достастық елдерінің қауіпсіздік органдарының басшыларына қазақстандық әріптестерімен етене әрі жемісті әрекеттестігі үшін алғыс айтамын. Қолдауларыңызды, әріптестіктеріңізді жоғары бағалаймыз, себебі елдеріміздің қауіпсіздігі, трансшекаралық бүгінгі қатерлер мен сындарды есепке алғанда, ортақ ісіміз. Жалқы бір мемлекет, мейлі ол Америка немесе басқалары сияқты мықты болсын, өзін қорғай алмайды, сондықтан мұнда ортақ мүдде қажет. Көрші елдердің арасындағы өзара түсінісу мен сенім өте маңызды", - деп пікір білдірді Қазақстан Президенті.
Құрметті меймандар арасында республикамыздың әлеуетті және құқық қорғау құрылымдарының, министрліктері мен ведомстволарының басшыларымен қатар, шетел арнайы қызметтері делегацияларының басшылары ресми өкілдері және ардагерлері болды.
Сөз сөйлеу барысында Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдары өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап жаңа ішкі және сыртқы саяси жағдайды ескере отырып, ел басшылығына мемлекет құрудың басым бағыттарындағы аса маңызды мәселелерді шешуде қарқынды жәрдем көрсеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы сондай-ак ұлттық қауіпсіздік органдарының барлық жеке құрамы мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады және ведомствоның жекелеген қызметкерлеріне жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды.
Салтанатты іс-шара деректі фильм көрсету және концерттік бағдарламаға ұласты.