08 тамыз 2015 | 14:24

Назарбаев үкімет пен әкімдерге қаражатты барынша үнемдеуді тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен әкімдерге қаражатты барынша үнемдеуді тапсырды. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Нұрсұлтан Назарбаев үкімет пен әкімдерге қаражатты барынша үнемдеуді тапсырды. Бұл туралы ол "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаңғырту жұмыстары күрделі жағдайда өтіп жатыр. Біздің экспорттық тауарларымыздың бағасы айтарлықтай төмендеп, бюджет ақшасы азайып жатыр. Сондықтен мен Үкіметке және барлық әкімдерге халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауға бюджетте қажетті қаражат болуын қамтамасыз ету үшін қаржыны қатаң үнемдеуді тапсырдым. Ел арасында да тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар,  Қазақстан Президенті қазіргі уақытта жетекші әрі бүкіл халық алдындағы жауапты саяси күш ретінде "Нұр Отан" партиясының алдында аса маңызды міндеттер тұрғанын атап көрсетті. Соның біріншісі қазақстандықтарды Бес институционалдық реформаны және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарын жүзеге асыруға жұмылдыру болып табылады. Ол "Нұрлы жол" бағдарламасының жүзеге асырылу барысын тиімді бақылауды қамтамасыз етуді де тапсырды.

"Біз қабылдаған осы және басқа бағдарламалар дер кезінде жасалған, оны түсіндіру қажет. "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыруға кейбір ірі кәсіпорындардан босауға мәжбүр болған адамдарды тарту керек. Бұл барша әкімдердің міндеті, бұған қажетті ақша бөлінген, барлық жерде автомобиль жолдарын, аурухана, мектеп, баспана, ТКШ нысандарын жөндеу және салуды қамтитын жұмыстар баршылық", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев партияның қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауға ықпал етіп, барлық туындайтын мәселелер бойынша халықпен белсенді жұмыс істеуі тиістігіне назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті партияға келесі жылы болатын және күрделі экономикалық жағдайда өтетін Парламент сайлауы жөніндегі науқанға дайындықты қазірден бастау керектігін атап айтты.

Айта кетейік, бүгін "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесінің Бюро отырысында Қазақстан Президенті партия төрағасының бірінші орынбасарын тағайындады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети