06 тамыз 2014 | 14:32

Назарбаев Үкіметті қайтадан құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің қайта құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің қайта құрылатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құру талап етіліп отыр. Жинақы үкімет қажет. Бізге өзімізге қажеттіден артық шенеуніктікті орнатудың қажеті жоқ. Үкіметтің әр отырысы апта сайын 50-60 қаулы қабылдайды", - деді ол. 

"Үкіметтің 12 министрліктен, 30 комитеттен тұратын жаңа құрылымы жөнінде шешім қабылдадым. 17 министрлік, тоғыз агенттік, 54 комитет пен 272 департаменттің орнына. Айырмасын түсініп отырсыздар ма? Тоғыз агенттіктің бәрі комитеттер түрінде министрліктердің құрамына енеді", - деді Назарбаев.

"Бес жаңа министрлік құрылады. Ұлттық экономика министрлігі, оған Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Өңірлік даму министрлігі, Статистика агенттігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі енеді. Премьер-министрдің ұсынымы бойынша бұл ведомствоның министрі болып Ерболат Досаев тағайындалды", - деді Назарбаев.

"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрліктері бірікті. Ол Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму деп аталады. Бұл министрлікке басшы болып Тамара Дүйсенова тағайындалады. Қысқарған министрлердің еш айыбы жоқ. Үкімет оларды жұмысқа орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. Олар жұмыстың сол тұстарын басқарушы орынбасарлар болып қызмет атқарады", - деді Мемлекет басшысы.

Назарбаевтың айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі құрылып, оған Мәдениет министрлігінің, Дін істері, Спорт және дене шынықтыру істегі агенттіктерінің құзыреті қарайтын болады. "Мұхамедиұлы қайта құрылған министрліктің министрі болады", - деді Президент.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Индустрия және жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация министрліктері, Байланыс және ақпарат агенттігінің, Ұлттық ғарыш агенттігінің өкілеттіктері мен энерготиімділік, геология мәселелері жаңа ведомство - Инвестициялар және даму министрлігінің құзыретіне берілетіні айтылды. Бұл ведомствоны Әсет Исекешев басқаратын болады, Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Қасымбек оның бірінші орынбасары, ал Асқар Жұмағалиев орынбасары болып тағайындалады", - деді ол.

"Энергетика министрлігі құрылады. Бұл министрлікке Мұнай және газ, Индустрия және жаңа технологиялар, Қоршаған орта және су ресурстары министрліктерінің функциялары мен өкілеттіктері беріледі. Ойланып, талқылап, бұл министрліктің басшылығына осы саланы жақсы түсінетін Владимир Школьникті лайық адам деп шештік", - деді Назарбаев.

Ұзақбай Қарабалин Школьниктің бірінші орынбасары болады. "Нұрлан Қаппаров, өзінің ниеті болса, оның орынбасары бола алады. Бар, мен саған "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының президенті болуды ұсынамын", - деді Президент оған. Қаппаров бұған бірден келісті, "Қазатомөнеркәсіп" қызық болар еді", - деді ол.

"Өзге елдердегі сияқты Төтенше жағдайлар министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері Ішкі істер министрлігіне беріледі. Бұл жерде Қалмұханбет Қасымов министр болып тағайындалады. Божко оның орынбасары болып, бұрынғы жұмысын жалғастыра береді. Жақсы жұмыс істедің, Владимир Карпович, ескерту жоқ. Сен әлі егде емессің, бәрі алда", - деді Президент.

"Қалған министрліктер кейбір түзетулермен бірге өз өкілеттіктерін сақтайды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, оның облыстардағы функциясы Қаржы министрлігіне беріледі. Премьер-министрдің екі орынбасары болады - Бақытжан Сағынтаев және адами даму мәселелері бойынша Гүлшара Әбдіхалықова. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің облыстардағы балық шаруашылығы, су ресурстарын, орман, жануарлар дүниесін басқару функциялары Ауыл шаруашылығы министрлігіне беріледі", - деді Президент.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети