ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерге бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтегілерге бағаның өсуіне жол бермеуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Ақордада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық жағдайды дамыту үшін инфляция деңгейін төмендету қажеттігін айтып өтті.
"Экономикалық өсімнің жаңа бағыттарын жүзеге асыру үшін 2016-2017 жылдары инфляция көрсеткіші 6-8 пайызға дейін төмендеуі керек. Айырбас бағамы еркін ауытқуға өтіп, ұлттық валюта тұрақталған соң біз отандық тауар шығарушылардың бәсекелестігін арттыра алдық", - деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының айтуынша, валюталық бағамға енгізілген түзетулер инфляцияға кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев бағаның өсуіне жол бермей, бағаны тұрақты ұстауға тапсырма берді.
"Ұлттық валютаға енгізілген түзетулер инфляциялық процестердің көбеюіне алып келді. Сондықтан мен бағаның тұрақтылығын сақтай отырып, биыл табиғи монополия қызметтері тарифтерінің өсуіне жол бермеу үшін қажетті шараларды қолдануды тапсырамын. (...). Үкімет деңгейінде қалаларға азық-түліктерді жеткізіп, бағаларды төмендетуді тапсырған болатынмын", - деді Мемлекет басшысы.