09 қазан 2015 12:48

Назарбаев Украина президенті Петр Порошенкомен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Украина Президенті Петр Порошенкомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында сауда-экономика, көмір өнеркәсібі, көлік-логистика және агроөнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинаның оңтүстік шығысындағы ахуал мен Минск уағдаластықтарының жүзеге асырылу барысы туралы пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Порошенконың елімізге алғашқы ресми сапарына ықылас білдіре отырып, бұл сапар экономикалық ынтымақтастықты жақсартуға, өңірлік және халықаралық мәселелерге қатысты ұстанымдарды екшеуге ықпал ететінін айтты.

Украина Президенті өз кезегінде Қазақстанға сапарлап келуге шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, екі елдің арасында көптеген саяси, экономикалық, мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік байланыстар орныққанын атап өтті.

Украина көшбасысы түрлі бағыттар бойынша жан-жақты ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екенін де айтты. Порошенко Қазақстан Президентінің Украинадағы бейбітшілікті сақтау үшін жұмсап отырған күш-жігерін жоғары бағалады.

Украина Президенті сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, мемлекеттіліктің нышаны болып саналатын, еліміздің тарихи тамырының тереңдігін көрсететін мерейтойдың маңыздылығын атап өтті.

Украина Президенті Қазақстанға ресми іссапармен келді. Астанада ол Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездескен болатын. Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелерінің, оның ішінде сауда-экономикалық саланың, отын-энергетикалық және агроөндіріс кешендері туралы мәселенің талқыланғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети