Нұрсұлтан Назарбаев Гаагадағы брифингте. Фото akorda.kz
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдайға байланысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Соңғы жылдары Украинаның саяси басшылығы жиі құбылды – бірде Еуропамен қарым-қатынасты күшейтуге, бірде Ресеймен өзара іс-қимылды және еуразиялық интеграцияны дамытуға ұмтылды. Іс жүзінде халық пен ел екі бөлікке бөлініп қалды. Нәтижесінде ішкі саяси жағдай бақылаудан шығып кетті. Бүгінгі бірінші кезектегі міндет – құқықтық алаңға қайта оралу, бұл сайлау өткізу дегенді білдіреді. Заңды президентті, парламент пен легитимді үкіметті сайлау керек. Сосын осы негізде бейбіт келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан ахуалдан бірлесіп шығу қажет", - деді Мемлекет басшысы Гаагадағы брифингте. Назарбаев кеңестік заманда бұл елдің экономикасы Ресейден кейінгі екінші орында болғанын жеткізді. "Республика өте зор әлеуетке ие болатын". Сонымен бірге Мемлекет басшысы бүгінде Қырым төңірегіндегі жағдайға байланысты батыс елдері мен Ресей арасында шиеленіс байқалып отырғанын еске салды. "Соңғы күндері барлығы халықаралық құқық туралы айтуда және біздер оны бұзудың қауіпті мысалдарын көріп отырмыз. Бұл қақтығысқа тартылған елдердің экономикаларын ондаған жылдарға кері шегеруге әкеліп соқтырады", - деді Назарбаев. Мемлекет басшысы сондай-ақ Украинаның Ресеймен шекарасын анықтау мәселесін әлі күнге дейін шешпегенін, бұл мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа бөгет болатынын айтты. Ол Қазақстанның мұндай мәселені Ресеймен де, Қытаймен де, сондай-ақ өзге де көршілерімен толықтай реттеп алғанын еске салды.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы жағдайға байланысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Соңғы жылдары Украинаның саяси басшылығы жиі құбылды – бірде Еуропамен қарым-қатынасты күшейтуге, бірде Ресеймен өзара іс-қимылды және еуразиялық интеграцияны дамытуға ұмтылды. Іс жүзінде халық пен ел екі бөлікке бөлініп қалды. Нәтижесінде ішкі саяси жағдай бақылаудан шығып кетті. Бүгінгі бірінші кезектегі міндет – құқықтық алаңға қайта оралу, бұл сайлау өткізу дегенді білдіреді. Заңды президентті, парламент пен легитимді үкіметті сайлау керек. Сосын осы негізде бейбіт келіссөздер жүргізіп, қалыптасқан ахуалдан бірлесіп шығу қажет", - деді Мемлекет басшысы Гаагадағы брифингте.
Назарбаев кеңестік заманда бұл елдің экономикасы Ресейден кейінгі екінші орында болғанын жеткізді. "Республика өте зор әлеуетке ие болатын".
Сонымен бірге Мемлекет басшысы бүгінде Қырым төңірегіндегі жағдайға байланысты батыс елдері мен Ресей арасында шиеленіс байқалып отырғанын еске салды. "Соңғы күндері барлығы халықаралық құқық туралы айтуда және біздер оны бұзудың қауіпті мысалдарын көріп отырмыз. Бұл қақтығысқа тартылған елдердің экономикаларын ондаған жылдарға кері шегеруге әкеліп соқтырады", - деді Назарбаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ Украинаның Ресеймен шекарасын анықтау мәселесін әлі күнге дейін шешпегенін, бұл мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа бөгет болатынын айтты. Ол Қазақстанның мұндай мәселені Ресеймен де, Қытаймен де, сондай-ақ өзге де көршілерімен толықтай реттеп алғанын еске салды.