13 желтоқсан 2018 | 17:59

Назарбаев ҰҚШҰ бас хатшысы лауазымына Беларусь кандидатын қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы лауазымына Станислав Засьті кандидат ретінде қолдайтынын атап өтті.

"Мемлекеттер басшылары Санкт-Петербургте Александр Григорьевич Лукашенконың ұсынысы бойынша Сіздің кандидатураңызды қолдау жөнінде шешім қабылдады. Сіз осы ұйымға мүше елдердің басшыларымен кездесуді бастап кеттіңіз. Бұған дейін Бішкекте болдыңыз. Қазір Қырғыз Республикасы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына төрағалық етуде. Сіздердің кездесулеріңіздің жақсы өткеніне сенімдімін", - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев С.Засьтің осы лауазымда қызмет етуі үшін қажетті білімі мен тәжірибесі бар екеніне тоқталды.

"Сіз - әскери адамсыз және тиісті біліміңіз бар. Беларусь Республикасының Бас штабында, Қауіпсіздік кеңесінде қызмет атқардыңыз. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының жұмысымен таныссыз, түрлі кездесулер мен жиындарға қатыстыңыз. Біз Сізді қолдайтын боламыз", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети