Назарбаев ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қабылдады

27 Қазан 2016, 18:54
0
Назарбаев ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қабылдады - © Ақорда
© Ақорда

Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде Қуандық Бишімбаев Елбасыға Қазақстанның биылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын дамыту мен экономиканы қолдаудың негізгі тетігі болып отырған "Нұрлы жол" бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті экономикалық даму қарқынын одан әрі жеделдету, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, экономиканы қолдау және басты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру үшін бюджет пен ұлттық қордан бөлінетін қаражатты ұтымды әрі тиімді пайдалану қажеттігіне баса назар аударды.

Ұлттық экономика министрі өз баяндамасында 2016 жылғы 9 айда ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) 0,4 пайызға өскенін атап өтті.

"Құрылыс және көлік саласы, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы экономика өсімінің негізгі қозғаушы күші (драйвері) болып саналады. Көлемнің артуы құрылыста - 6,9 пайыз, ауыл шаруашылығында - 4,9 пайыз, көлік саласында - 4 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 0,6 пайызболып отыр. Сонымен бірге металлургия мен фармацевтика өнімдерінің, азық-түлік пен мұнай өңдеу өндірісінің мөлшері артқаны байқалады", - деді Қуандық Бишімбаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына "100 нақты қадам" ұлт жоспары аясындағы "Индустрияландыру және экономикалық өсім" атты үшінші институционалдық реформаның орындалу барысы жөнінде баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевті қабылдаған еді. Шөкеев "Самұрық-Қазына" АҚ-ның осы жылдың 9 айы ішіндегі қызмет нәтижесі туралы хабардар етіп, Трансформация және Жекешелендіру бағдарламаларының іске асырылуы жайлы есеп берді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай