Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.
"Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мұрат Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.
"Біздің академия - барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі", - деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.
Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.