Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаевты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әбіқаев Елбасына ведомствоның қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жұмысының негізгі міндеттері туралы баяндады.
Кездесу барысында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы тиімді іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны нығайтуға бағытталған шараларға да ерекше көңіл бөлінді.
Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, - деп хабарлады Ақорда.
Еске сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысымен ел азаматтарының Сирия аумағындағы әскери қимылдарға қатысу оқиғаларын талқылаған еді.