ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания компанияларына Қазақстанға келіп ақша табуды ұсынды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания компанияларына Қазақстанға келіп ақша табуды ұсынды, - деп хабарлайды TengrinewsTV.
Елбасы Қазақстан-Британия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының ІІ отырысының ашылуына қатысты. Іс-шараға Ұлыбритания премьер-министрі Кэмерон да қатысты. Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде форумға қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы мен бүгінде мемлекет жүргізіп жатқан экономикалық саясат туралы әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру, индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру, "Жаңа Жібек жолы" жобасына қатысу үшін қолға алып жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Соңында Мемлекет басшысы ұлыбританиялық компанияларды бірлескен жобаларға қатысуға шақырды.
"Біз Лондоннан ештеңе сұрамаймыз. Сіздерді Қазақстанға келуге және бізбен бірге табыс табуға шақырамыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, Президент ресми іссапармен Ұлыбританияда жүр. Мемлекет басшысы 4 қарашада ІІ Елизавета Патшайыммен кездеседі.