Назарбаев университетінде оқитын әрбір студентке бюджеттен қанша қаражат бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев университетінде оқитын әрбір студентке бюджеттен қанша қаражат бөлінеді

Назарбаев Университетінде оқитын әрбір студент үшін қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Назарбаев университетінің түлектеріне диплом беру салтанаты барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Университетінде оқитын әрбір студент үшін қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды. Бұл жөнінде Қазақстан Президенті Назарбаев университетінің түлектеріне диплом беру салтанаты барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Университет әлемдік деңгейдегі ғылым және білім беру орталығы болып қалыптасқанын бәріміз мақтан етеміз. Оның үстіне студенттер үшін оқу тегін. Назарбаев университетінде білім алу құны бакалавриат бағдарламасы бойынша - 4 жылда орта есеппен 87 мың доллар, магистратура үшін 36 мың доллар болады. Бұл шығыстардың барлығын мемлекет өтейді, өйткені бізге кадрлар өте керек", - деді Назарбаев.

"Бүгін университет қабырғасынан "үлкен өмір жолына" 638 маман - 457 бакалавр және 181 магистр аттанғалы тұр. Университет тек Қазақстан үшін емес, көптеген дамыған елдер үшін де сирек кездесетін бағыттар бойынша мамандар даярлайды. Ол - биохимиялық және ядролық инженерия, роботты техника мен мехатроника", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев 10 мыңнан астам Қазақстан жастары "Болашақ" бағдарламасы бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алғанын және оқып жатқанын еске салды.

"Мемлекет оқу ақысын, стипендия және көлік шығындарын төлейді. Бұл - орасан мол қаржы. Мәселен, "болашақтық" бір магистрді оқытып шығудың құны Ұлыбританияда - жылына 55 мың доллар, АҚШ-та екі жылда - 136 мың доллар. PhD бағдарламасы бір докторант үшін Ұлыбританияда төрт жылға 200 мың доллар, АҚШ-та бес жылда - 400 мың доллар тұрады. Мемлекет сіздердің заманауи және бәсекеге төтеп бере алатын білім алуларыңыз үшін қамқорлық жасады. Енді сіздер оны өз елдеріңнің игілігі үшін пайдаланып, қызмет етуге тиіссіздер", - деді Қазақстан Президенті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети