Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Назарбаев университетінде оқу ақысы қанша?

30 Қыркүйек 2016, 13:19
0

Биылғы оқу жылынан бастап Назарбаев университетінде ақылы оқу енгізіліп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылы біз барлық бағдарлама бойынша ақылы оқуды енгіздік. Мысалы, дайындық бағдарламасы - 18 375 доллар. Біздегі ақылы бөлімде 14 студент оқып жатыр. (...) Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім берудің орташа бағасы - 21 мың доллар. Ал магистр бағдарламаларының оқу ақысы шамамен 20 мың доллар. Тек Бизнес жоғары мектебі 40 мың доллардан асады", - деді Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу.

Осыған дейін мұнда оқу тегін еді. Білім беру мекемесіндегілер жеңілдігі бар жүйелерді де ұсынып отыр. 

2016-2017 оқу жылында университетке 4517 талапкер тіркелген: 3060 университет алды дайындық (720-сы тіркелген), 223-і бакалавриат бағдарламасы (76-сы түсіп, тағы 627 студент дайындық мектебінен кейін бакалавриатқа түсіп отыр) және 124-і магистратура бағдарламасы бойынша (409-ы тіркелген).

Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу биылғы оқу жылынан бастап оқу орнына түсудің шарттары өзгергенін атап өтті. Биыл математика барлық студентке міндеттеліп отыр, сонымен қатар бірнеше міндетті пән таңдалған мектепке және мамандыққа байланысты: "физика", "химия/биология", "ойлау машықтары".


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай