Назарбаев университетінің студенттері салтанатты шарада жаңбыр астында қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев университетінің студенттері салтанатты шарада жаңбыр астында қалып қойды

Бүгін Астанада Назарбаев университеті студенттерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астанада Назарбаев университеті студенттерінің салтанатты шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұйымдастырушылар маңызды шараны ашық аспанның астында өткізуді шешкен, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты іс-шара бұл жолы ерекшеленді. Түлектерді салтанатты түрде құттықтау рәсімінде барлығы жаңбырдың астында қалып қойды.

Бірақ ауа райының қолайсыздығына қарамастан студенттер мен қонақтар алаңнан кетіп қалған жоқ. Іс-шараға университеттің ректоры мен оқытушылары қатысты. Айта кетейік, салтанатты жиынға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысуы керек.


Суреттер: Тұрар Қазанғапов

Бірақ кейіннен жауын-шашынның тоқтамауына байланысты ұйымдастырушылар дипломдарды марапаттау рәсімін кейінге қалдырып, университет ішінде өткізуді шешті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети