Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Раймондс Вейониске Латвия Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті өз құттықтауында біздің еліміз бен Латвияның достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасы болашақта екі халықтың игілігі, татулығы мен тұрақтылығы үшін нығая беретініне сенім білдірген.
Нұрсұлтан Назарбаев Вейониске мықты денсаулық, қызметіне табыс, ал достас Латвия халқына бақ-береке тіледі.