Назарбаев халықаралық ахуалды үнемі саралап отыруды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев халықаралық ахуалды үнемі саралап отыруды тапсырды ©akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Кездесу барысында Ерлан Ыдырысов Мемлекет басшысына халықаралық істерге қатысты жыл қорытындысын баяндады. Қазақстан Президенті 2014 жылдың халықаралық шаралар кестесі тығыз болғанына тоқталды.

"Кездесулер мен іс-шаралардың көп болуының арқасында өзге елдердің Қазақстанға деген қызығушылықтары артып, олармен өзара тиімді ынтымақтастық дамып келеді. Біз қабылдап жатқан іс-қимылдарды әлемдік қоғамдастық қолдайды. Қазіргідей жағдайда халықаралық ахуалды Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынастардың өрбуі мен жаһандық экономикадағы трендтер аясында үнемі саралап отыру қажет", – деді Мемлекет басшысы.

Сыртқы істер министрі Қазақстан Президентінің бастамаларына шетелдер тарапынан қолдау көрсетіліп отырғанына тоқталды. "Сіз жариялаған "Нұрлы жол" саясаты әлемде жоғары бағаланып отыр. Ол қазіргідей күрделі жағдайда Қазақстанның тұрақты әрі орнықты дамуын қамтамасыз ететін жақсы бағдарлама ретінде қабылдануда. Біздің міндетіміз соны елдің сыртқы саясатының өзге де басым бағыттарымен бірге нақтылы жүзеге асыру болып саналады", – деді Ыдырысов.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети