Назарбаев ядролық соғыс қатері туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев ядролық соғыс қатері туралы айтты Фото ©РИА Новости

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі дағдарыс ынтымақтастыққа деген жаңа көзқарасты қажет ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі дағдарыс ынтымақтастыққа деген жаңа көзқарасты қажет ететінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астана клубының" отырысында сөйлеген сөзінде Назарбаев, пікірталас алаңы халықаралық аренада беделді саясаткерлерді, дипломаттарды және әлемдік деңгейдегі сарапшыларды біріктіретін алаң екенін айтты.

"Биыл Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Мен үшін қазақ мемлекетінің құрылуы мен қалыптасу процесіне Тұңғыш Президент ретінде басшылық ету жауапты іс. Өздеріңіз білетіндей, тарихи тұрғыдан алғанда аз ғана уақыт ішінде Қазақстан өз дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Белсенді, көпвекторлы және бейбітшілік саясатын жүргізе отырып, біз халықаралық кеңістікте лайықты орын алдық", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде әлемдік сын-қатерлер мен қазіргі заманның жаһандық қауіп-қатерлеріне, соның ішінде коронавирустың таралуына, әлемдік державалар арасындағы қарама-қайшылықтың күшеюіне, Ауғанстан төңірегіндегі жағдайға және ядролық стратегиялық тұрақтылық саласындағы күрделі жағдайға ерекше назар аударды.

"Осы жылдың басында Қиямет күні деп аталатын сағат түн ортасына дейін жүз секундқа орнатылды. Бұл, шын мәнінде, әлем ядролық соғыстың аз-ақ алдында тұрғанын білдіреді. Әлемдегі қазіргі дағдарыстық жағдай. Үлкен Еуразиядағы ынтымақтастықтың жаңа тәсілдерін әзірлеуді талап етеді", – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және жақында құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасындағы тікелей байланыстарды дамытуды ұсынды. Ол үшін төрт жақты "Үлкен Еуразия" экономикалық форумын құруды ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети