Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа тағайындаулар жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстанның Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Ол осыған дейін Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстанның Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

"Константин Васильевич Жигалов Қазақстанның Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Константин Жигалов осыған Қазақстанның Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстанның Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети