Назарбаев жаңа вице-премьерлердің тағайындалуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев жаңа вице-премьерлердің тағайындалуына қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палатарының біріккен отырысында премьер-министрдің жаңа орынбасарларының тағайындалуын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті палатарының біріккен отырысында премьер-министрдің жаңа орынбасарларының тағайындалуын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Асқар Жұмағалиев жаңа қызметінде Қазақстанды цифрландыру мәселелерімен айналысады.

"Қазақстан міндетті түрде барлық бағытта үлгеруі керек. Осы мақсатта үкімет позициясы нығайтылып, жаңа екі орынбасар тағайындалды. Біз "Цифрлы Қазақстанға" көшуіміз керек, бұл өте маңызды. Барлық мемлекет осыған көшті. (...) Бірақ бізде онымен нақты бір адам айналысып, күнде есеп беруі керек. Үкіметтің атынан мен бұл қызметке IT-технологиялар маманы және мен тағайындаған орындарда жақсы қызмет істеген Асқар Жұмағалиевты тағайындадым",  -деді Назарбаев.

Назарбаевтың айтуынша, Жұмағалиевтың әрбір министрлік пен әрбір ведомствода өзінің өкілдері болады. Цифрландыру ең біріншіден, ұлттық компанияларға, өндіріске және үкіметке керек.

"Экономикамыздың макроэкономикалық жағын арттыру Ерболат Досаевқа тапсырылды. Сіздер оны білесіздер. Бірақ оның нағыз ер адамның ісін істеген кездері болды. Оның тәжірибесі мен білімі бізге экономика, қаржы, еліміздің макроэкономика саласындағы, сондай-ақ, әлеуметтік блок сияқты жұмыстарды менеджер ретінде өз қолында ұстай алады деп сенеміз", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети