Назарбаев: Жастарға үштілділік - міндет

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Жастарға үштілділік - міндет ©РИА Новости

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы туған жері Қаскелең ауданына келді, онда ол отандастарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы туған жері Қаскелең ауданына келді, онда ол отандастарымен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, өңір қарқынды түрде дамып келе жатыр, облыста 280 миллиард теңгеге жаңа жобалар іске асырылып жатыр, мектеп, жол, ауруханалардың құрылысына қаржы бөлініп жатыр. Нақтырақ айтқанда, соңғы жылдарда 27 денсаулық сақтау нысаны пайда болды.

Назарбаев жастарға әрқашан ерекше назар аударатынын атап өтті. Мемлекет басшысы жаңа ұрпаққа өсиет айтты: "Егер жақсы өмір сүргілерің келсе, отбасыларың мен балаларыңды асырағыларың келсе, кәсібилігі үшін құрметке лайық болатын білімді әрі кәсіби адам болуларың керек. (...) Мектептер салынып жатыр, Қазақстанда мұндай мектептер болмаған. Қазақстандық жастар әлемнің 25 үздік университеттерінде оқып жатыр. Елімізде 750 жаңа мектеп салынды", - деді Президент.

Ол қазіргі заман жастарының кем дегенде үш тілді білуі керектігін айтты. "Ата-аналар балаларына білім беруге ұмтылуы тиіс. Үштілділік міндетті!" - деді Назарбаев. Ол әлемде орасан зор ғылыми және техникалық оқулықтардың ағылшын тілінде шығатынын және оның барлығының қазақ тіліне аударыла бермейтініне тоқталды. Президенттің айтуынша, жастар қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қарым-қатынас үшін және ағылшын тілін халықаралық ретінде тануы керек. "Мәселен, Швейцарияда таксидің әр жүргізушісі бес тіл білуі тиіс. Мұның өзі ештеңе емес, жастар меңгеруі тиіс", - деді Мемлекет басшысы. 

Назарбаев бағдарламалардың жас мамандарға қайда жұмыс істеуді (қалаларда немесе ауылдарда) өзі таңдауға мүмкіндік беретінін ескертті. "Қазақстанда жұмыс істегің келсе, жұмыссыз болу мүмкін емес. Ал егер жұмыс істегісі келмесе - мұндайларды қайта тәрбиелеп шығару керек", - деді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети