Назарбаев: Жекеменшікті тартып алуға ешкімнің құқы жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев: Жекеменшікті тартып алуға ешкімнің құқы жоқ Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Қазақстан жекеменшіктің мызғымастығын нақты мәлімдеуі керек, бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан жекеменшіктің мызғымастығын нақты мәлімдеуі керек, бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кез келген нарықтық экономикадағы сияқты Қазақстан да жекеменшіктің мызғымастығы жайында нақты мәлімдеуі тиіс. Ешкімнің жекеменшікті тартып алуға құқы жоқ. Мен бұл туралы қанша рет айттым, біздің құқық қорғау органдары көпіршіте беріп отыр, өйткені оларға жекеменшікті тартып алу пайдалы", - деді Президент.

"Егер ол заң бойынша жасаса, заңның кері күші жоқ, заңмен табылған дүние қалуы керек, адамдар осыны білуі тиіс. Бұны білу шетелдік инвесторларға да өте маңызды. Біз нарықтық экономикада, капитализмде тұрмыз. Неден ұяламыз? Енді Қазақстан экономикасында да - осындай жүйе. Демек, осы тәртіппен өмір сүріп, сондай заңдар қабылдауға тиіспіз", - деді Елбасы Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының басшысына қаратып.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети