11 ақпан 2021 09:31

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі дәрігермен төбелестен кейін жұмыстан кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:© kst.nis.edu.kz/ Қостанайдағы НЗМ ғимараты Фото:© kst.nis.edu.kz/ Қостанайдағы НЗМ ғимараты

Қостанай әкімшілік соты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлжан Құсниярованы "Жемчужина" жеке клиникасының дәрігері Диана Ахметованы жаралағаны үшін кінәлі деп тапты. Педагог жұмыстан шықты, - деп хабарлайды "Наша газета".


Қостанай әкімшілік соты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлжан Құсниярованы "Жемчужина" жеке клиникасының дәрігері Диана Ахметованы жаралағаны үшін кінәлі деп тапты. Педагог жұмыстан шықты, - деп хабарлайды "Наша газета".

Оқиға 2020 жылы 15 қарашада "Әуежай" шағын ауданындағы "Первый продуктовый" дүкенінің кассасында болған. Куәгерлердің айтуынша, Құсниярова мен оның анасы Асма Исмағамбетова кассаға алған тауары үшін ақы төлеуге келген. Олардан кейін кезекке тұрған Диана Ахметова алған заты аз болғандықтан өткізіп жіберуді сұрайды. Исмағамбетова оған ескерту жасайды. Оқиға былапыт сөзден жанжалға ұласып, аяғы төбелеске айналған.

Оқиға үш әкімшілік іс бойынша тергеліп, 4 ақпанда үкім шығарылды. Құсниярова мен Исмағабетова дәрігерге дене жарақатын салғаны үшін кінәлі деп танылды. Ахметова "ұсақ бұзақылық" (балағат сөз) үшін жауапқа тартылды.

НЗМ директоры Думан Сапақов басылымға мұғалімнің жұмыстан өз еркімен кеткенін хабарлады.

"Мен бұл оқиғаны былтыр қарашада естідім. Гүлжан Құсниярова - білікті педагог, бізде 6 жыл жұмыс істеді. "Наша газетада" сот процесі туралы материал шыққаннан кейін барлық пікірді оқып шықтым. Гүлжан Құсниярова болған оқиғадан кейін келіп, мектепте жұмыс істеуге моральдық құқығы жоғын айтты. Қазіргі уақытта оның жұмыстан босату туралы өтінішіне қол қойдым. Мұғалімнің бұл оқиғаға қатысты болғаны дұрыс емес, әрине. Бірақ қызметтік және ұжым этиксы бар, оны сақтау керек".

Айыпталушылардың бірі жұмыс істейтін емхана бас дәрігері де түсініктеме берді.

"Әрине, бұл оқиғаны талқыладық. Бізде ұжымдық институт бар. Біздің клиникада дәрігерлер жүріс-тұрысына ие болуы үшін қарым-қатынасты үйрететін қызметкерлермен жұмыс істейтін менеджерлер бар. Дәрігерлер жұмыстан тыс уақытта өзін қалай ұстау керегін біледі. Бірақ түрлі оқиға болуы мүмкін. Дәрігерге қатысты шешімдер туралы ешқандай түсініктеме бере алмаймын, бұл клиниканың ішкі жұмысы", - деді Олег Мелишенко.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети