Назарбаев Жұмағалиевпен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Жұмағалиевпен кездесті © akorda.kz

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Кездесуде Елбасыға "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамы жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді, сондай-ақ жалпы атом саласын дамыту барысы жөнінде мәлімет ұсынылды.

Сондай-ақ, Асқар Жұмағалиев Қазақстан Президентіне өткен жыл қорытындысы бойынша кәсіпорынның жоспарланған барлық өндірістік және қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізгенін баяндады. Компанияның нақты табысы алғаш рет 108 млрд теңгеден асқан. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына кәсіпорынды трансформациялау бағдарламасының іске асырылу барысы туралы мәлімделді. Одан 16 млрд теңгеден астам экономикалық пайда түскен.

Нұрсұлтан Назарбаев атомды бейбіт мақсатқа пайдалану мәселесіне және атом электр стансалары жұмысындағы жаһандық үрдістерге назар аударды.  Елбасы "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясын әртараптандыру және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети