29 қаңтар 2015 | 14:04

Назарбаева Қазақстан Президентінің Меркельге арналған жолдауын жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР СІМ баспасөз қызметі ©ҚР СІМ баспасөз қызметі

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельге Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын жылжыту жөніндегі жолдауын тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева Берлинде Германия канцлері Ангела Меркельге Мемлекет басшысының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын жылжыту жөніндегі жолдауын тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

28 қаңтар күні Мәжіліс төрағасының орынбасары – ҚР Президентінің Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту мәселері жөніндегі арнайы өкілі Дариға Назарбаеваның Германияға жұмыс сапары басталды.

"2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі орынға Қазақстан сұранымының мәнмәтінінде жан-жақты ынтымақтастық сұрақтарды талқылау мақсатында Дариға Назарбаева ГФР Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы Маркус Эдерермен және Ғаламдық мәселелер бойынша Федералдық үкіметтің уәкілі Патриция Флормен келіссөздер өткізді. Кездесу барысында осы орынға сайлану халықаралық күн тәртібінде ең жауапты және күрделі телімдерде қомақты тәжірибе жинаған Қазақстанның сыртқы саясатының ең маңызды мақсаттарының ішіне кіретіндігі аталып өтілді. Дариға Назарбаева 2017-2018 жылдары біздің еліміздің кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздігі Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне жылжыту жөніндегі Елбасының ГФР-дың Федералдық канцлері Ангела Меркельге арнаған жолдауын тапсырды", - делінген хабарламада.

Мәжіліс спикері орынбасары сапардың тағы бір мақсаты - екі ел арасында парламентаралық ынтымақтастықтың жай-күйін және болашағын талқылау. Сол күні Дариға Назарбаева Берлинде Бундестаг төрағасының орынбасары Йоханнес Зингхаммермен және Берлин Сенатының спикері Ральф Виландпен де екіжақты кездесулер өткізді. Келіссөздің күн тәртібінде Қазақстан мен Германияның парламентаралық байланыстарын нығайту мәселелері талқыланды. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті. Іс-шара қорытындысында Берлин Сенатында қазақстандық делегацияның басшысы астаналық Парламенттің "Құрмет кітабына" естелік жазба қалдырды.

"Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Германияның жетекші экономикалық бірлестіктерінің басшыларымен және Бундестаг депутаттарымен, Орталық Азия - Германия парламенттік тобының мүшелерімен кездесу өткізді. Стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Германия Іскер кеңесінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ неміс парламентінің мүшелері Қазақстан Президентінің "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауындағы Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының тиімділігіне жоғары баға берді", - делінген хабарламада. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети