Назарбаева мемқызметкерлердің сауатын ашу қажет екенін айтты

01 Сәуір 2016, 17:52
1
Назарбаева мемқызметкерлердің сауатын ашу қажет екенін айтты - © Liveinternet.ru
© Liveinternet.ru

Премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева мұғалімдермен кездесу барысында мемқызметкерлерге мәтін жазып үйрету қажет екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекеттік органдардан құжат алған кезде қатты таңғаламын. 30 беттен тұратын құжат жібереді, ішінде негізгісі соңғы үш жолда ғана айтылған. Мәселені бір жарым бетке сыйдырып, өте қысқа етіп жеткізу керек", - деді Назарбаева.

Ол мектептерде оқушыларға адамдардың алдына шығуды, аудиториядан қорықпауды үйрету керек екенін де жеткізді. "Бұл да мектепте берілуі тиіс өнер", - деп қосты ол.

Сонымен қатар, Назарбаева мектепте қаржылық сауаттылыққа үйретудің маңыздылығына тоқталды. "Мектепте кәсіпкерліктің алғышарттары оқытылуы тиіс. Балалар өз бизнес жоспарларын құрып, мемлекеттің бизнесті қолдауға арналған бағдарламаларымен түгел танысуы керек. Банктермен, келісімшарттармен жұмыс істей біліп, қаржы жағынан сауатты болу қазіргі кезде өте маңызды", - деді Дариға Назарбаева.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай