Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы айтылып жүрген болжамдарды спекуляция деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дариға Назарбаева биліктегі мұрагерлік туралы айтылып жүрген болжамдарды спекуляция деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазір Қазақстандағы биліктің кімге берілетіні жайлы әңгімелер көп айтылып жүр", - деді журналистер сенатор Дариға Назарбаеваға жоғары палата отырысынан кейін.
"Бұл қазір ғана айтылып жүрген жоқ. 25 жыл бойы айтылып келе жатыр", - деп нақтылады Назарбаева.
"Сіз өзіңізді мұрагер ретінде көресіз бе?", - деп тағы сұрақ қойды БАҚ өкілдері.
"Мен өзімді Отанына адал еңбек ететін қызметкер ретінде және Президенттің командасындағы азамат ретінде көремін. Себебі қазір айтылып жүрген барлық болжамдар тек спекуляция", - деді Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы.
Айта кетейік, бүгін, 16 қыркүйекте Дариға Назарбаева Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне басшы болып тағайындалды.