Нұрсұлтан Назарбаевқа БАӘ өкілдерімен өткен кездесу барысында Астанадағы сулы жасыл желекжолды күмбезбен жабу ұсынылды. Сәулетшілердің айтуынша, шыны түріндегі күмбез желекжолды қолайсыз ауа райынан қорғап тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаевқа БАӘ өкілдерімен өткен кездесу барысында Астанадағы сулы жасыл желекжолды күмбезбен жабу ұсынылды. Сәулетшілердің айтуынша, шыны түріндегі күмбез желекжолды қолайсыз ауа райынан қорғап тұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Казахстанская правда" газетінің сайты осы жобаның таныстырылымы жайлы хабарлады.
Астана әкімдігіндегілер қазіргі уақытта бұл жобаның тек талқыланып жатқанын және ол туралы айтуға әлі ерте екенін айтып өтті.
Сәулетшілердің айтуынша, желекжол күмбезбен жабылатын болады. Сондықтан онда кез келген уақытта жылы ауа райы сақталады.
Видеодан алынған кадр
Жазғы уақытта күмбездер ашылатын болады.
Сондай-ақ, осы маңда ойын-сауық орталықтарын және 6 мың көлікке арналған тұрақ салу ұсынылып отыр.
Ал Astana sport city қалашығы өз кезегінде "Астана Арена" стадионын, "Барыс-Арена" мұз қалашығын, "Алау" мұз айдынын және "Сарыарқа" велотрегін біріктіруге мүмкіндік береді.
"Біздің әлеует Астанада және жалпы Қазақстанда қажет болады деп сондай-ақ, елдің даму тарихына өз ізін қалдырып кетеді деп сенемін", - деді Calatrava Grace Corporation компаниясының атқарушы директоры Майкл Калатрав.
Біріккен Араб Әмірлігі, Әбу-Даби қаласы. Ақорданың баспасөз қызметі.
Calatrava компаниясының бұл жобада тек сәулетші ретінде емес, сондай-ақ, инвестор ретінде қызмет ететіні белгілі болды. Ол осы жобаға жеке қаражатының 15 пайызын жұмсауды жоспарлап отыр. Ақорданың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, бүгінде бұл компанияның 32 елде 340 жобасы бар.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 15 қаңтарда БАӘ бизнесмендерімен кездескен болатын. Назарбаев БАӘ бизнесмендерінің қандай тәжірибесі қызықтыратынын айтқан еді. "Тәуелсіздік жылдары еліміздің экономикасына жұмсалған шетелдік тікелей инвестиция 265 миллиард доллардан асады. Дүниежүзілік банктің "Бизнес жүргізу жеңілдігі" рейтингінде Қазақстан 35-орынға ие болды. Бүгінгі таңда 56 мемлекеттің азаматтары Қазақстанға визасыз келе алады. Олардың қатарында Біріккен Араб Әмірліктері де бар", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.