17 қыркүйек 2014 | 15:08

Назарбаевқа EXPO-2017 шеңберіндегі ойын-сауық орталығы туралы баяндалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ТengrinewsTV ©ТengrinewsTV

Мемлекет басшысы Astana Group ЖШС президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Astana Group ЖШС президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Смағұлов Мемлекет басшысына EXPO-2017 жобасы аясындағы мәдени-сауық орталығы құрылысының басталғандығы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті халықаралық көрме құрылысына жоспарланған ғимараттың бірегейлігін атай отырып, оларды көрмеден кейінгі кезеңде тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

Astana Group ЖШС басшысы салынып жатқан нысан Астана қаласының көрікті, қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымды орындарының біріне айналатындығын мәлімдеді.

Жалпы алаңы 140 мың шаршы метрді құрайтын бұл орталықта Қазақстандағы ең ірі балалар аттракциондарының саябағы, 14 залды мультиплекс-кинотеатр, тақырыптық сипаттағы мейрамханалық галереялар, көпфункционалды мұзайдын болады. Оның құрылысын 2016 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланған.

Еске сала кетейік, шілде айында Смағұлов Назарбаевқа EXPO-2017 кешені аумағында салынатын жаңа сауда орталығы туралы әңгімелеп, оған "Нұр Плаза" деген атау беруді ұсынған еді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети