ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Республикалық форум кезінде Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Республикалық форум кезінде Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарғандылық жас кәсіпкер Арман Досқанбаев Мемлекет басшысына сөз сөйлей отырып, Қазақстанда шығарылған қол сағатын сыйға тартты.
"Қазір менің жасым 25-те, менің төрт компаниям бар. Оның біреуі жылына 168 миллион теңге алып келеді, 33 адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Біз қазақстандық қол сағаттарын шығарамыз. Мұның барлығы Сіздің жарлығыңызбен жасалған "Бизнес-2020" бағдарламасының аясында жүзеге асып отыр. Осыған орай сізге алғыс айтуға рұқсат етіңіз, мына қол сағат арнайы сіз үшін жасалды", - деді ол.
"Енді біз өзіміздің сағаттарды тағатын боламыз, швейцариялықтарды тақпаймыз", - деді Мемлекет басшысы.