Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы "ЖАҢАРУ" жалпыұлттық қозғалысын басқаратын белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрсұлтан Назарбаев жемқорлыққа қарсы "ЖАҢАРУ" жалпыұлттық қозғалысын басқаратын белгілі қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өмірдің бірқатар мәселелері талқыланды. Сонымен қатар республиканың алдында тұрған таяу кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық міндеттер жөнінде сөз қозғалды.
Оралбай Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шараларына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.
"Мен біздің "ЖАҢАРУ" қозғалысы атынан ұсыныстар айттым. Президент бұл мәселелер бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді", - деді Әбдікәрімов Назарбаевпен кездесуінен кейін.
Шілде айында осы жалпыұлттық қозғалыс жетекшісінің орынбасары Мұрат Әбенов "мемлекеттік қызметкерлерді жоғары тұрған жетекшілердің және шенеуніктерді сатып алумен айналысатын адамдардың жемқорлық қысымдарына қарсы тұруға үйреткісі" келетінін айтқан еді.
"Мен аймақтарда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, Парламентте және үкіметтік лауазымдарда жұмыс істеп көрген адам ретінде жемқорлыққа бейім адамдар барлық мемлекеттік қызметкерлердің 5 пайызынан аспайды деген пікірімді айтамын. Қалғандары - жалақысын алып, таза қызмет етіп жүрген адал адамдар", - деген болатын Әбенов.
"ЖАҢАРУ" қозғалысы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық мектептер ашуға ниетті. Бұл мектептер адамдарды мемлекеттік органдар қызметі туралы ақпараттарды іздеп табуға, құқықтарының бұзылу деректерін әшкерелеуге, мемлекеттің қандай қызметтерді тегін көрсететінін білуге көмектесетін болады. Жалпыұлттық қозғалыстың тағы бір бағыты - қабылданатын заңдарды жемқорлыққа қарсы қоғамдық сараптамадан өткізу.