Назарбаевқа Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық тұжырымдамасы ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевқа Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық тұжырымдамасы ұсынылды

Мемлекет басшысы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге Президент әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, University Medical Center корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Жақсыбай Жұмаділов қатысты.

Елбасыға "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты биылғы жолдауда айтылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысының тұжырымдамасы ұсынылды.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, бұл орталықтың құрылыс жұмыстары биыл басталады. Жаңа медицина мекемесінде қатерлі ісік ауруларына диагностика жасап, емдеу үшін озық технология, соның ішінде лазерлік, сәулелік, жасушалы-иммунді терапия және өзге де заманауи әдістер қолданылатын болады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына жолдаудағы жекелеген бағыттарды іске асыруға қатысты Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды.

Катсу Қазақстан Президентіне Инновациялық кластердің жұмыс жоспары мен университеттің ғылыми-зертханалық кешенінің іске қосылуы жөнінде мәлімдеп, Назарбаев зияткерлік мектептерін дамытудың бірқатар мәселелерін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети