Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаевқа құрметті сенатор мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сенат спикері Дариға Назарбаева палатаның отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент ретінде ант беру кезінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралыс ұсыныс тастаған болатын. 

Сенаторлар дауыс берді және осы бастаманы қолдады.

"Құрметті әріптестер, біз бүгін тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевқа "Құрметті сенатор" мәртебесін беру туралы тарихи шешім қабылдадық. Бұл Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына және қазақстандық қоғамның бірігуіне зор үлес қосқаны үшін әділ баға және құрмет болып табылады. Барлығына үлкен рақмет. Енді ол Сенатқа келіп тұрады деп ойлаймыз " - деді Дариға Назарбаева.

29 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы болды. Ұсынысты Ресей президенті Владимир Путин көтерді және ЕАЭО елдерінің көшбасшылары оны қолдады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети