Назарбаевқа Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың перспективалары баяндалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевқа Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың перспективалары баяндалды © akorda.kz

Мемлекеттік басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Ескендір Бейсембетовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне университеттің даму перспективалары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жөнінде мәлімет берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев оқу орнының отандық білім беру жүйесінде ерекше орын алатынын атап өтіп, индустрияландыру бағдарламасының талаптарына сәйкес жоғары білікті мамандар даярлаудың маңыздылығын айтты.

"Қаныш Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университет - инженер маман даярлайтын ең ірі оқу орындарының бірі. Біз оны дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап келеміз. Университетке дербестік берілген. Сонымен қатар, бұл оқу ордасы зерттеу университетіне айналды", - деді Қазақстан Президенті.

Бейсембетов қолданбалы жобаларды жүзеге асыру үшін қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ әлемдік үрдістерді ескере отырып, білім беру сапасын арттыру үшін атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети