Назарбаевқа SmartCity Ақтөбе құрылысы жайлы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевқа SmartCity Ақтөбе құрылысы жайлы айтылды © akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергия тиімділігі орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Энергия тиімділігі орталығына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Елбасы орталықтың жұмысымен танысты. Оның негізгі міндеті - баламалы энергетика технологиясын көрсету және тұрғын үйлерді ыстық сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін оны пайдалана білуге үйрету.

Орталықтың ғимараты күн панелдерімен, газ поршенді станциямен, геотермальді жүйемен, сондай-ақ жел генераторларымен жабдықталған. Мұнда Қала тіршілігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженерлік желілеріне мониторинг жүргізу орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Облыстық ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы әкімінің аппараты орналасып, жұмыс жүргізуде.

Нұрсұлтан Назарбаев енгізілген жаңалықтарға оң баға беріп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде таныстырылған "жасыл" технологияларды тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімі Қазақстан Президентіне облыс орталығының даму барысы, сондай-ақ Ақтөбе агломерациясын, "SmartCity Ақтөбе" жүйесін және қаланың қоғамдық кеңістігін құру жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімдеді.

Соңында Елбасы Ақтөбе қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети