"СК-Фармация" жетекшісі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысының барысында мәлімдеді.
"СК-Фармация" жетекшісі отставкаға кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысының барысында мәлімдеді.
"Елжан Амантайұлы, Мемлекет басшысы алдыңызға міндеттер қойды. Бірінші кезекте ұзақмерзім негізінде отандық өндірушілерден дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдерді сатып алуды өсіру бойынша нақты шешім қабылдау. Сатып алу процедурасының ашықтығын қамтамасыз ету. Айтпақшы, кадр мәселелері бойынша Президенттің тапсырмасын орындадыңыздар ма?", - деп сұрақ қойды Қазақстан премьер-министрі Бағытжан Сағынтаев денсаулық сақтау министріне.
"Жалпы алғанда, шешім қабылданып қойды, процедуралық келісімдер қалды", - деп жауап берді Елжан Біртанов.
"Нақты қандай шешім қабылданды?", - деп сұрақ қойды премьер.
"СК-Фармация" бірінші жетекшісінен өтініш қабылданды, "СК-Фармация" жетекшісі қызметінен шеттетілді", - деп жауап қатты министр.
Айта кетейік, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы болып 2015 жылдың 16 қыркүйегінде Нұржан Әлібаев тағайындалған еді.
Еске салайық, 3 ақпанда Президенттің қатысуымен өткен үкімет отырысы барысында 2016 жылдың қорытындысы шығарылып, 2017 жылға үкіметтің жұмыс жоспары анықталған, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілген.
Нақтырақ айтқанда, Президент денсаулық сақтау министріне медицинадағы тәртіпсіздіктерді жоюды, "СК-Фармация компаниясының қызметкерлерін қуып шығу және жаңа құрам алуды тапсырған болатын. Орындарынан қозлғата алмайтын адамдар отыр", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.