Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Назарбаевты қазақстандық киімдер мен ойыншықтар қуантады

01 Шілде 2016, 12:26
1
© akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустриалдық бағдарлама арқылы өндірісте инновацияға қол жеткізуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биржа тауарларының бағасы төмендеген жағдайда біздің негізгі экспорт қайнарымыз бен валютамыздың түсімдері, екінші балама экономика - өңдеу өндірістері маңызды орын алады, бұл жай ғана бағдарлама емес, бұл жаңа өндірістер, жаңа жұмыс орындары, тауарлардың жаңа технологиясы", - деді Президент.

"Біз отандық өнімді көптеп шығара бастадық - локомотивтер мен автомобильдерден киім мен дәрілерге дейін. Осында кіреберісте тұрған көрме соңғы жылдары жеткен жетістігімізді көрсетеді. Әсіресе жеңіл өнеркәсіп тауарлары, шағын өндірістер, ойыншықтар, балалар киімі, ерлер мен әйелдердің киімі, бұлар да "Қазақстанда жасалған" брендімен шыға бастады, нарықты жаулай бастады. Өздеріңіз көрдіңіздер - жууға арналған құралдардан бастап, өсімдік майларына дейін, тағы сол сияқты. Әсіресе аграрлық кешеннің жетістіктері қуантады, олар адамға керектің барлығын өндіреді, әзірше көлем жағынан жетпей жатырмыз, бірақ бұл уақыттың еншісінде. Сондықтан біз аграрлық кешенге жіті назар аударамыз", - деді Назарбаев.

"(...) Қазақстанда қоспасыз экологиялық таза өнім шығып жатыр - мұны біз бүкіл әлемге паш етуіміз керек. Жыл сайын бұл тауарлардың ассортименті кеңейіп келеді, мұны да назарда ұстау керек. Жалпы алғанда индустриализация жылдарында біз 500-ден аса жаңа өнім шығара бастадық, олар Қазақстанда бұған дейін шығарылмаған", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

"Қазір төртінші өндірістік революцияның болып жатқанын білеміз, айтып жүрміз, әлем экономикасы жаңа кезеңге өтіп жатыр. Біз осы сындарға дайын болуымыз керек, сондықтан өткен жылы мен индустриализация бағдарламасын жаңа жаһан жағдайында өзекті етуді тапсырғанмын. Мұны осылай айта салу оңай, бірақ жүзеге асыру қиын болады, себебі Қазақсатнның базасы инновациялық өнімге келгенде дайындығы әлсіз, инновацияның индустриалдық бағдарламасы арқылы осы нәтижеге қол жеткізуге тырысу керек", - деді ол.

Сонымен қатар, Назарбаев басшылықтың: бұрынғы инвестиция және даму министрі Әсет Исекешев (қазіргі Астана әкімі) мен ведомство басшысы Жеңіс Қасымбектің жұмысын атап өтті. 

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша индустриализация бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша жиынға қатысып жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай