Назарбаевты қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жойылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевты қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілік жойылуы мүмкін Фото:nazarbayev.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр.

"Депутаттар бастама жасаған заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр. Онда Тұңғыш Президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру (сондай-ақ, оның суретін бүлдіру, оның заңды қызметіне кедергі жасау), Тұңғыш Президентке қолсұқпаушылық кепілдігін жою үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген", - делінген министрлік хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети