Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгияға сапары жалғасып жатыр. Қазақстан Президенті бельгиялық король Филиппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгияға сапары жалғасып жатыр. Қазақстан Президенті бельгиялық король Филиппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бельгия королімен кездесу БАҚ өкілдері үшін жабық түрде өтті. Осы кездесуден соң, Назарбаев бельгиялық кәсіпкерлермен кездеседі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Азия-Еуропа" (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысады.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында қос тарап саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салада қазақстандық-бельгиялық әріптестікті және бүгінде маңызды халықаралық мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысы, Қазақстан мен Бельгияны түсіністік пен сыйластық негізінде бұрыннан қалыптасқан достық қарым-қатынас байланыстыратынын мәлімдеді.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігіне сапармен барды. Назарбаев 16-17 қазанда Финляндияда болды. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі, сондай-ақ Финляндияның іскер топтар өкілдерінің форумына қатысты.