27 маусым 2017 09:26

Назарбаевтың журналистика саласындағы сыйлықтары мен гранттары кімдерге бұйырды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәлімет Ақорданың сайтында жарияланды.


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәлімет Ақорданың сайтында жарияланды.

"Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін:

Абдрахманова Майра Қабиқызына - "Хабар" агенттігінің меншікті тілшісіне, Қазақстанның жаһандық бастамаларын жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

Сембаев Мағауия Сланбекұлына - Қарағанды облыстық "Орталық Қазақстан" газетінің бас редакторына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары Мемлекет басшысының сыртқы саясаттағы қызметін кеңінен жариялап-көрсеткені үшін "Казахстанская правда" жалпыұлттық газетінің тілшісі Магер Юлия Дмитриевнаға, елдегі экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалар барысын белсенді жариялап-көрсеткені үшін "Айқын" республикалық газетінің меншікті тілшісі Шәріпов Айхан Пішенбайұлына берілді. 

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы мына журналистерге жарияланды:

"Астана" телеарнасындағы "Біздің уақыт" телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына, қоғамды дамытудың өзекті мәселелерін жедел жариялап-көрсеткені үшін;

"Мысль" республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына, қоғамды демократияландыру және саяси мәдениетті жетілдіру үдерістерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

Батыс Қазақстан облыстық "Приуралье" газетінің шығармашылық ұжымына, өңірді дамытудың өзекті мәселелерін жариялап-көрсетуге қосқан үлесі үшін;

"Хабар 24" телеарнасының шығармашылық ұжымына, отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети