Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанайға келуін "Нұрлы күн" деп атаған Ирина Сероус бұл идеяның қалай туғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанайға келуін "Нұрлы күн" деп атаған Ирина Сероус бұл идеяның қалай туғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ирина Сероус Қостанай облысындағы ауылдық округтердің бірінде балабақша меңгерушісі болып жұмыс істейді. Президенттің Қостанай облысына жұмыс сапары барысындағы кездесуде Ирина Сероус қостанайлықтарды "Нұрлы күнмен" құттықтаған еді.
"Президентімізге сөз айт деп, ұсыныс жасады. Осыған дейін бізде ауа райы күрт нашарлап кеткен болатын, ал елбасы келгенде күн ашылды. Шын көңіліммен осы жағдайды айтқым келді. Ол келгенде адамдарды жаны да, ауа райы да мерейлене түсті. "Нұрлы күн" мерекесімен құттықтадым, бұл сөз тіркесі біздің отбасымызда көп айтылады. Жақсылық болғанда "алтын нұрлы кұн" дейміз", - деді ол.
Оның пікірінше, Назарбаевтың келуін осылай атаса болады.
"(...) Бұлай айтамын деп дайындалмаған едім. Кездесуге қатысқаныма қатты қуанышты болдым. Идеяны іске асыру - қуат береді. (...) Өзім балабақшада жұмыс істеймін. Менің ережем бойынша, әрбір күн қайталанбас. Сондықтан әр күн мереке болуы керек, себебі балалық шақ қайталанбайды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында іс-шаралар өткізіп жатырмыз, "нұрлы күн" мерекесі күнделікті болып тұрады", - деді ол.
"Хабар" телеарнасының видеосы. Ирина Сероустың сөйлеген сөзін 20.25-21.57 аралығында тыңдауға болады.
"Әркім әрқалай түсіндіріп жатыр. Қанша адам болса, сонша ой болады емес пе. Мереке жасағым келді, қонақжайлылығымыз ғой. Адам келді, қостанайлықтардың атынан оған сөз айтуым керек болды - біз оны әрдайым күтетінімізді көрсеткім келді", - деді ол.