Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаевтың суреттері Астанадағы алаңнан алып тасталды Фото: 2gis.kz, Tengrinews.kz оқырманынан

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада әкімдік аумағындағы алаңнан Нұрсұлтан Назарбаевтың суреттері бар стендтер алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұрын бұл жерде экс-президенттің әртүрлі жылдағы суреттері бар стендтер тұрған еді. Жуырда тұрғындар сурет алаңнан жоғалып кеткенін байқаған.

Tengrinews.kz оқырманынан

Сарыарқа ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Керей, Жәнібек хандар алаңында абаттандыру және елорда тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру үшін жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Жөндеу жұмыстары аясында плакаттары бар құрылымдар бөлшектеледі. Оның орнына көпжылдық гүлзарлар пайда болады, бұл аумақтың экологиясы мен эстетикасын жақсартуға ықпал етеді. Сондай-ақ, жобада қосымша жарықтандыру тіректерін орнату, көше жиһаздарын жаңарту және үйлесімді ландшафт дизайнын жасау көзделген", - деді әкімдік өкілі Tengrinews.kz сауалына

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы музейден экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыз ескерткіші алып тасталғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети