28 желтоқсан 2015 | 14:03

Назарбаевтың талабы бойынша шетелдегі қаржы мен активтер елге қалай қайтарылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

Қазақстан қаржы министрі қазақстандықтардың шетелдегі ақшасы мен жылжымайтын мүлкін жариялау бойынша үрдістің қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Бақыт Сұлтанов ел Президенті дәулетті қазақстандықтарға мүліктерін жариялау туралы үндеу салғаннан кейін қандай әсердің болатыны туралы сұраққа жауап берді.

Иконка комментария блок соц сети

Қаржы министрінің мәлімдеуінше, биыл желтоқсан айының басынан бастап екінші деңгейлі банктерде қосымша есепшоттар ашылып жатыр.

"(...) Осы уақытқа дейін біздің екінші деңгейлі банктерімізде қосымша жеті есепшот ашылып, 3,5 миллиард теңгеге жуық қаржы жарияланды. Бұл әрине, айтарлықтай үлкен көрсеткіш емес, бірақ бұл жерде Жаңа жыл алдындағы белсенділіктің төмендеуі де әсер ететінін айта кеткен жөн", - деп жауап берді Бақыт Сұлтанов, ол үрдіске дұрыс қатысып, түсінік беру керегін айтты.

"Бұл процеске деген сенімді арттыру қажет. Жұмысты жергелікті атқарушы органдармен, Ұлттық банкпен бірге кешенді түрде жүргізетін боламыз. Біз қазір екінші деңгейлі банктермен де жұмыс істеп жатырмыз, олар түсінік беру жұмыстарын жүргізу үшін", - деді қаржы министрі Президент берген тапсырманың 100 пайыз орындалатынына сөз беріп.

Бұл мәселеге қатысты комментарий берген Бақыт Сұлтанов активтерін жариялағандар туралы барлық мағлұматтың құпия болатынын ескертті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы бірнеше рет қазақстандықтарға үндеу салып, отандық бизнесмендерді мүліктерін жария етуге шақырды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети